«Семей қаласындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайларыдың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Семей қаласындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге  және ауыстыруға,  көппәтерлі тұрғын           үйлерді  күрделі  жөндеуге байланысты шығындарды  өтеу қағидаларын   бекіту  туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 43-18 болып тіркелді) мынадай өзгеріс еңгізілсін:

1) көрсетілген қаулының атауында "шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы " сөзі "ақшаның қайтарылуын қамтамасыз ету" болып өзгертілсін;

2) көрсетілген қаулыға қосымшада мәтін бойынша "шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" сөзі "ақшаның қайтарылуын қамтамасыз ету" болып өзгертілсін.

  1. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                        Аты-жөні                                                                                                                    Лауазымы

Дата публикации
25 января 2024