Семей қаласының 2023 жылдың қаңтар – желтоқсан айларының әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері

2023 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі  496,4 млрд. теңгені құрады. Өсу қарқыны – 114,8 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен – 64,0 млрд. теңгеге артты, НКИ (нақты көлем индексі) – 115,3 %.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 429,7 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны  115 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 56,1 млрд. теңгеге артты,              НКИ – 118,6 %.

Тау-кен өнеркәсібінің көлемі – 37,5 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2022 жылғы қаңтар – желтоқсан айының деңгейінен 0,5 млрд. теңгеге кем. Өсу қарқыны – 101,4 %, НКИ  - 111,1 % құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі – 67,0 млрд. теңге, өсу қарқыны – 107,4 %, НКИ – 101,2 % .

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 227,1 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 138,3 %, НКИ – 138,5 % .

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 102,3 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 124,7 %, НКИ – 123,7 %.

Қаңтар - желтоқсан айларында 296 059 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, өсу қарқыны – 112,7 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 33 348 ш. м. артты.

Бөлшек тауар айналымының көлемі – 409,8 млрд. теңгені құрады, 2022 жылдың тиісті кезеңінен 72,0 млрд. теңге немесе 121,3 % артты, НКИ – 107,7 %.

Көтерме сауда айналымының көлемі – 310,1 млрд. теңге, өсу қарқыны - 97,3 %, НҚИ – 91,3 %.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30,4 мың бірлік, өсу қарқыны – 108,3 % немесе 2 336 бірлікке өсті.                  

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер – 59,8 млрд. теңге, 2022 жылдың сәйкес кезеңінен – 43,2 % немесе 18,1 млрд. теңгеге артық орындалды.

Дата публикации
18 января 2024