Сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелер бойынша Семей қаласы әкімдігінде қабылданған іс-шаралар

       Мемлекет басшысының тапсырмасымен  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қабылданды. Онда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру міндеттері көрсетілген. Біздің жұмысымыздағы басты  басымдықдың бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

      «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес және Абай облысы әкімі аппаратының басшысы бекіткен Абай облысы әкімдігінің «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытындағы  № 1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» жобалар тобын іске асыру жоспары бойынша 2023 жылда әкім аппаратының жұмыс тобымен қала әкімдігінің дербес бөлімдеріне   сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде 8 тәуекел анықталды және  анықталған тәуекелдерді жою бойынша жұмыс жоспары әзірленіп, тәуекелдер жойылды.

        Абай облысы құрылған сәттен бастап «Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ дербес бөлімдердің, ауылдық округтер мен кенттер әкімдіктерінің қызметтерін бақылауды жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізудің тоқсандық, жартыжылдық есептеріне ұсыну енгізіліп, олардың нәтижелері қала әкімінің ресми сайтында орналастырылып отыр.

      Семей қаласының әкімдігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санын азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатты күшейту бойынша барлық қажетті шаралар  қабылданып, бұл ретте бірқатар іс-шаралар өткізілді, олардың ішінде мыналарды атап өткен жөн:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес дербес бөлімдермен, оның ішінде квазимемлекеттік секторлармен және ауылдық округтермен жұмыс тұрақты жүргізілді.  

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылатын құқықтық білім мектебінің жұмысы жүргізілді;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырыстарында  тоқсан сайын күн тәртібіне сәйкес  күрделі мәселелер қаралды.

      Бағдарламаны іске асыру кезінде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру үшін насихаттау жұмысының әртүрлі нысандары, соның ішінде дөңгелек үстелдер, түрлі семинарлар, конференциялар, қала тұрғындарымен тікелей телевизиялық эфирлер ұйымдастыру және өткізу сияқты нысандар пайдаланылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланады. Барлық мемлекеттік органдарда тұрақты негізінде «ашық есік күндері», сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинарлар өткізілді.

       Телеарналарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша баяндамалар өткізілді. Қалалық  бұқаралық ақпарат құралдарында және телеарналарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес материалдары бойынша айдарлар мен бөлімдер ашылды, сондай-ақ қалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбын көрсететін Шәкәрім даңғылы бойында «Орталық» аялдаманың маңында және Әуезов даңғылы Крестьянкий көшесі қилысында екі баннерлер орналастырылған.

      Сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақтылы жолын кесу, мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы жұртшылықты тарту үшін барлық мемлекеттік құрылымдарда ақпараттық стендтер орнатылған. Қала әкімдігінің фойесінде шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшіктер орнатылып, әкімнің және оның орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдау кестелері ілініп, қосымша барлық интернет жүйесінде  Instagram, Facebook, Whatsapp, Telegram  каналдарына жүктеліп жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің ар-намыс Кодексінің және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының мәтіні жазылған стендтер ілінді. Осыған ұқсас шаралар қаланың барлық мемлекеттік органдары мен мекемелерінде қабылданды.

Қала әкімі аппаратының жанынан құқықтық білім мектебі жұмысын бастап, 2023 жылға арналған құқықтық жалпыға бірдей оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында Жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтары ай сайын өткізіліп, осы сабақтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

          Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтермен жұмыс жүргізілуде, олардың негізгі функциялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл, мүдделер қақтығысының алдын алу, іскерлік әдеп кодексінің талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

        Қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға тыйым салу, сондай-ақ жақын туыстарының, жұбайларының бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу туралы тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.

      Бұдан әрі қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ынталандыруды арттыру және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне орайластырылған сыйлықақы төленеді, сондай-ақ ауыр материалдық жағдайға байланысты материалдық көмек көрсетіледі.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелер бойынша Семей қаласы әкімдігінде қабылданған іс-шаралар
Дата публикации
17 января 2024