Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің
2020 ж. 14 тамыздағы № 108
бұйрығымен қайта бекітілген
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
801 "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы 2020-2022 жылдарға арналған
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы 007 «Тұрғын үйге көмек көрсету»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы Нұрханов Қ. А. (бөлім басшысының орынбасары)
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Заңының 97-бабы, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысы, "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрық - "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандарты, «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47-310-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 55/396 - VI шешімі
Бюджеттік бағдарламаның түрі:
Мемлекеттік басқару түріне қарай
аудандық/қалалық
мазмұнына қарай:
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және одан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
Іске асыру түріне қарай
жеке
ағымдағы/даму
Ағымдағы
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Отбасыларға (азаматтарға) қосымша әлеуметтік көмек көрсету
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Халықтың аз қамтамасыз етілген жіктеріне тұрғын үйге көмекті уақтылы және сапалы көрсету, тұрғын үй көмегін 100% төлеу.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтыну, газ және шартты отын сатып алу (пеш жағылатын үйлер үшін), телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар шығындарын өтеу үшін тұрғын үйге көмек көрсету.
| Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы | ||||||
| Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жыл жоспары | Жоспарлы кезең | ||
| 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | ||
| 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" | мың теңге | 45 340,0 | 47 607,0 | 49 987,0 | 51 987,0 | |
| Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар | мың теңге | 45 340,0 | 47 607,0 | 49 987,0 | 51 987,0 | 0,0 |
Бюджеттік кіші бағдарламаның коды және атауы: 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен"
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:
Мазмұнына байланысты: Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және одан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
ағымдағы/даму ағымдағы
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар шығындарын өтеу үшін тұрғын үйге көмек көрсету.
| Тікелей нәтиже көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жыл жоспары | Жоспарлы кезең | ||
| 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | ||
| Тұрғын үй көмегін алушылар саны | отбасы | 1828 | 1049 | 1593 | 1593 | |
| Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жыл жоспары | Жоспарлы кезең | ||
| 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | ||
| 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" | мың теңге | 45 340,0 | 31 344,0 | 49 987,0 | 51 987,0 | |
| Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар | мың теңге | 45 340,0 | 31 344,0 | 49 987,0 | 51 987,0 | 0,0 |
Бөлім басшысы орынбасары Қ. Нұрханов