2023 жылдың қаңтар – қараша айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 452,6 млрд. теңгені құрады. Өсу қарқыны – 118,4 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен – 70,4 млрд. теңгеге артты, НКИ (нақты көлем индексі) – 118,5 %.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 393,5 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 119,5 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 64,2 млрд. теңгеге артты, НКИ – 122,9 %.
Тау-кен өнеркәсібінің көлемі – 33,1 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2022 жылғы қаңтар – қараша айының деңгейінен 0,6 млрд. теңгеге кем. Өсу қарқыны – 98,3 %, НКИ - 107,7 % құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі – 59,2 млрд. теңге, өсу қарқыны – 104,1 %, НКИ – 100,4 % .
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 185,5 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 154,3 %, НКИ – 150,9 % .
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 75,6 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 157,4 %, НКИ – 156,2 %.
Қаңтар - қараша айларында 226 689 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, өсу қарқыны – 119,0 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 36 248 ш. м. артты.
Бөлшек тауар айналымының көлемі – 340,2 млрд. теңгені құрады, 2022 жылдың тиісті кезеңінен 61,2 млрд. теңге немесе 122,3 % артты, НКИ – 108,1 %.
Көтерме сауда айналымының көлемі – 269,8 млрд. теңге, өсу қарқыны - 98,7 %, НҚИ – 91,8 %.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 34,5 мың бірлік, өсу қарқыны – 125,5 % немесе 6 994 бірлікке өсті.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер – 53,1 млрд. теңге, 2022 жылдың сәйкес кезеңінен – 47,5 % немесе 17,1 млрд. теңгеге артық орындалды.