Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI «Семей қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Семей қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 – тармағының  15) тармақшасына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI «Семей қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7450 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімге 4 - қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияға жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Семей қаласы мәслихатының

төрағасы                                                                                             Д. Шакаримов

Дата публикации
06 декабря 2023