«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 767 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының  2) тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Семей қаласының  әкімдігі           ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Семей қаласы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар  лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы» 2016 жылғы 13 мамырдағы № 767  қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар  лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы»;

         көрсетілген қаулының 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1.  Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар  лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;

         көрсетілген қаулының 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «2. Семей қаласының мәслихатына азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі келісу үшін ұсынылсын.»

         көрсетілген қаулының  қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.        

  1. «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

         1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы хабарламаны ресми жариялағаннан Семей қаласы әкімдігінің интернет–

ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                                  

         Семей қаласының әкімі                                                     Н. Нұрсағатов

Дата публикации
06 декабря 2023