2023 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 367,5 млрд. теңгені құрады. Өсу қарқыны – 118,2 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен – 56,7 млрд. теңгеге артты, НКИ (нақты көлем индексі) – 116,6 %.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 322,1 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 119,5 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 52,5 млрд. теңгеге артты, НКИ – 120,7 %.
Тау-кен өнеркәсібінің көлемі – 24,8 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2022 жылғы қаңтар – қыркүйек айының деңгейінен 1,3 млрд. теңгеге кеміді. Өсу қарқыны – 94,9 %, НКИ - 103,9 % құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі – 43,6 млрд. теңге, өсу қарқыны – 103,8 %, НКИ – 101,8 % .
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 142,0 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 146,7 %, НКИ – 142,9 % .
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 47,7 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 173,9 %, НКИ – 172,3 %.
Қаңтар - қыркүйек айларында 158 453 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, өсу қарқыны – 121,2 % немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінен 27 714 ш. м. артты.
Бөлшек тауар айналымының көлемі – 271,5 млрд. теңгені құрады, 2022 жылдың тиісті кезеңінен 54,1 млрд. теңге немесе 124,9 % артты, НКИ – 109,0 %.
Көтерме сауда айналымының көлемі – 188,3 млрд. теңге, өсу қарқыны - 99 %, НҚИ – 90,0 %.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30,5 мың бірлік, өсу қарқыны – 117,2 % немесе 4 418 бірлікке өсті.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер – 36,7 млрд. теңге, 2022 жылдың сәйкес кезеңінен – 44,1 % немесе 12,9 млрд. теңгеге артық орындалды.