Семей қаласы бойынша 2020 жылға мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін
бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, Семей қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың ақы төлеу мөлшері 3 жасқа дейінгі тәрбиеленуші үшін
12400,0 (он екі мың төрт жүз) теңге, 3-тен 6 жасқа дейін
12500,0 теңге (он екі мың бес жүз) сомасында осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. А. Фесенко) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов