жоба
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3267 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде бір рет көрсетіледі. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек қаржы жылына бір рет тағайындалады. Амбулаториялық ем қабылдау сатысындағы туберкулезбен ауыратын науқастар үшін әлеуметтік көмек ай сайын көрсетіледі.»;
7 тармақтың 4) тармақшасын шығару;
7-1 тармақтың 14) тармақшасын шығару;
8 тармақтан екінші абзацты шығару;
10 тармақтың:
1) тармақшасының бірінші абзацты келесі редакцияда жазылсын:
«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан кеңес әскерлерінің шектелген контингентін шығару күні:»;
6 тармақтың екінші абзацтын шығару;
7 тармақша келесі мазмұнда толықтырылсын;
«7) 1 қазан – қарттар күні:
80 және одан жоғары жастағы тұлғаларға– 1,6 айлық есептік көрсеткіш.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының
төрағасы Б. Қайрамбаев
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Б. Ақжалов