«Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы» Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

жоба
 
 
«Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар
өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы» Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 
 
 
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
1.Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/256-V «Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 28 наурызда № 4447 болып  тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: 
осы шешім қосымшасының 2 тармағы келесі сөздермен толықтырылсын: бұрынғы көлік жөндеу зауыты (Мелкомбинат аумағы); «Энергетик» шағын ауданы («Семей водоканал» КМК аумағы);
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы                                                  А. Арғынбекова       
                    Қалалық мәслихаттың хатшысы                                                                     Б. Акжалов
«Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы» Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпанындағы № 50/276-V шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасына түсіндірме хат
Дата публикации
24 декабря 2019