«Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы
22 маусымдағы № 1135 «Семей қаласының
аумағында жолаушылар мен багажды қалалық
тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут
желісі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы № 1135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-183 тіркелген, Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерінің электрондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 18 шілдеде, «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде 2018 жылғы 27 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шарауашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Семей қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы
полиция департаменті Семей қаласының
полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Д. Қазақпаев
«__»_______________ 2019 жыл