Семей қалалық мәслихатының
2019 жылғы «___» ________ № ______
шешімімен бекітілген қосымша
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына коммуналдық көрсетілетін
қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік
қолдау көрсету ережесі
1.Жалпы ереже
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесінде негізгі қолданылатын терминдер және түсініктер.
1)уәкілетті орган - «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Осы ереже Семей қаласының аумағында тұрақты тұратын және жұмыс істейтін адамдарға таралады.
Әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - коммуналдық көрсетілетін қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау) жылына бір-ақ рет беріледі.
2.Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
1.Коммуналдық көрсетілетін қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджеттік қаражат есебінен, 8 АЕК мөлшерінде (сегіз төменгі айлық есептік көрсеткіш) алушылар өтініштерін талап етпей денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдар мамандарына көрсетіледі.
2.Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі:
1)Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларының бекіткен жинақ тізімі негізінде әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган жүргізеді.
3.Әлеуметтік қолдауды көрсетуді тоқтату негізі
1)бас тарту негізі:
Семей қаласы шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;
негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алу лауазымын қоса лауазым мен атқарғанда,
әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіміне сәйкес келмегенде;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалғанда, бір жыл ішінде қайталағанда.