жоба
Семей қаласының мәслихаты
ШЕШІМ
Семей қаласы №________ 2019 жылғы «__» ___________
Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық
салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2.Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемесі бойынша салық салынатын Семей қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлер үшін базалық салықтық мөлшері автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3.Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерге салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып Семей қаласы айқындалсын.
4.«Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы» Семей қаласы мәслихатының 2011 жылғы 24 маусымдағы № 38/260-ІV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 27 шілдедегі № 5-2-146 болып тіркелген,
2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 62 «Семей Таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының
төрағасы Н. Қайырбеков
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Б. Ақжалов
Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы
«___» ________________№ ______
шешіміне 1-қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу туралы
|
№№
|
Автотұрақтар (паркингтер) түрлері
|
Санаттар
|
|
1.
|
Жабық үлгідегі жерүсті автотұрақтар, ашық үлгідегі автотұрақтар
|
1-санат
|
|
2.
|
Өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар, өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар
|
2-санат
|
|
3.
|
Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цоколь немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар
|
3-санат
|
Қалалық мәслихаттың 2019 жылғы
«____» ________________
№____________ шешіміне
2-қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерді ұлғайту туралы
|
№№
|
Автотұрақтар санаттары
|
Алаңның бір шаршы метріне есептегенде автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелер
|
Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы
|
|
1.
|
1-санат
|
8,20
|
10 есе
|
|
2.
|
2-санат
|
8,20
|
9 есе
|
|
3.
|
3-санат
|
8,20
|
8 есе
|