Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 11 желтоқсанда № 6372 тіркелген
«Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 5 шешімі.

Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына  және  «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 
1.Осы шешімге қосымшаға сәйкес Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Семей қаласының аумағында сайлау учаскелері құрылсын. 
2.«Семей қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-187  тіркелген, 2018 жылғы 27 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде, 2018 жылғы  30 қарашада «Семей таңы» және  «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Семей қаласының әкімі                                    Е. Сәлімов
    
КЕЛІСІЛДІ:
Семей қалалық аумақтық сайлау 
комиссиясының төрағасы                                З. Тоқаев
Қала әкімінің 2019 жылғы «10» желтоқсандағы № 5 шешіміне қосымша
Дата публикации
24 декабря 2019