Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдесіндегі № 1290 қаулысы
Жер телімін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 707 қаулысымен бекітілген Семей қаласының бас жоспарын және 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 151 Семей қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Қарағайлы» тұрғын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1, 18, 81, 84-баптары мен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 6-тарауын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Alina holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалдауында тұрған, Семей қаласы Павлодар тасжолының бойында орналасқан, кадастрлық нөмірі 05-252-005-926, алаңы 21 га жер телімін көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, көше-жол жүйелерін және саябақ аумағын салу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруы басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні – 2019 жылдың 31 желтоқсаны.
3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны Мұхамедханов көшесі, 8 мекен-жайы бойынша орналасқан Семей қаласының жер қатынастары бөлімі болып анықталсын.
4. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
5. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Қ. С. Әділбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі Е. Сәлімов