О начале принудительного отчуждения земельных участков для государственных нужд

ҚАУЛЫ
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігі

2020 жылғы 24 маусым № 843

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
18-бабы 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. К. Бозтаев, Ш. Қаржаубайұлы және А. Құнанбаев көшелерін жөндеуге (реконструкциялауға) және жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару қосымшаға сәйкес басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні – 2020 жылдың 31 желтоқсанына белгіленсін.
3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны Қ. Мұхамедханов көшесі, 8, 242 кабинет мекен-жайы бойынша орналасқан «ШҚО Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ болып анықталсын.
4. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
5. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
Қ. С. Әділбаевқа жүктелсін.


Қала әкімі м. а.                                                                                                  А. Садырбаев

ҚАУЛЫ
Дата публикации
29 июня 2020