«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «СемейГаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

жоба
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының  7-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуы жүз пайыздық үлесімен «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «СемейГаз» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қаланы газбен жабдықтау жүйелерін ұстау саласындағы  шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі болып белгіленсін.   
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпорынның құрылтайшысы болып белгіленсін.
4. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорынның уәкілетті органы болып белгіленсін. 
5. Қоса беріліп отырған Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін.
6. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р. Құдайбергенқызы) заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталдың қалыптасуын қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Х. Өтелбаев):
1) әділет органдарында Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
8. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Н. Ушаковқа жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қала әкімі                                                               Е. Сәлімов
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «СемейГаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы
Дата публикации
18 декабря 2019