Жоба
Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2-тармағына, «Мемлекетік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28-2 тармағының 3) тармақшасына, «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және орындау, кредиттік және кедендік саясат, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек және қоршаған ортаны қорғау инспекциясы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Е. Сәлімов