Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағының негізінде, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі белгіленсін.
2.Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізетін үй-жайлардың тізімі белгіленсін.
3.«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласының ауылдық округтері және кенттерінің әкімдері:
1)барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін;
2)белгіленген орындарды үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
4.«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіппен:
1)осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2)осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3)осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;
4)ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5.Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
6.Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов
КЕЛІСІЛДІ:
Семей қаласы аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы З. Тоқаев