2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 105173 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге жұмыс орындары санынан осы қаулының қосымшасына сәйкес мөлшерде  белгіленсін.
  2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Қ. Шәкәрімовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашкы ресми жарияланған  күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          Қала әкімі                                                                        Н. Нұрсағатов

 

Қосымша

2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Дата публикации
30 ноября 2022