Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігі Знаменка (Көкен) көлінкөлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін,балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды

Назар аударыңыз конкурс!

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігі Знаменка (Көкен) көлінкөлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін,балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Квалификациялық талаптардың толық тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Өтінімдерді тапсыру мерзімі - конкурстық құжаттамаға сәйкес (2020 жылғы 29 мамырынан 12 маусымын қоса алғанда).
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес квалификациялық талаптарға сай Конкурсқа қатысуға тілек білдірген барлық жеке немесе заңды тұлғалар жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8 үй, 314 кабинет, жұмыс күндері сағат 9:30-ден 18:00-ге дейін және/немесе Семей қаласы әкімдігінің электрондық мекен-жайы.
Әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді мөрленген конвертке салып, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2020 жылғы 29 мамырынан 12 маусымынқоса алғанда сағат 9.30-дан 18-00-ға дейін мына мекен-жай бойынша тапсырады: индекс 071405, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 8 үй, 314 кабинет.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2020 жылғы 15 маусымда 11 сағ. 00 минутте Қайым Мұхамедханов көшесі, 8 үй, кіші залда ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7222) 522207 телефоны арқылы білуге болады.

документация
Дата публикации
29 мая 2020