2022 жылғы 25 қыркүйекте Абай облысы Семей қаласының Шүлбі кенті әкімінің сайлауы өтті.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының Шүлбі кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шүлбі кентінің сайлау округінің
Шүлбі кенті әкімінің сайлауы бойынша
Шүлбі кентінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1862 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 1535 сайлаушы дауыс берді.
Шүлбі кентінің әкімі болып 1994 жылы туған, "Шүлбі кенті әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Шүлбі кентінде тұратын Ерболат Мұхтарханұлы Мұхтарханов сайланды.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45 – бабына, 2022 жылғы 26 қыркүйектегі шешімге сәйкес сайланған Шүлбі кентінің әкімі Мұхтарханов Ерболат Мұхтарханұлын тіркеді.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы