Семей қаласының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Семей қаласының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2- тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласының елді мекендерінің шекаралары (шегі):
1) Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылының жалпы алаңы 22 853,1 гектар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін;
2) Абыралы ауылдық округінің Абыралы ауылының жалпы алаңы
13 511,5 гектар 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін;
3) Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының жалпы алаңы 31733,7068 гектар 3-қосымшаға сәйкес;
4) Новобаженово ауылдық округінің Бұлақ ауылының жалпы алаңы 7052,2729 гектар 4-қосымшаға сәйкес;
5) Озерки ауылдық округінің Қаракөл ауылының жалпы алаңы 7046,908 гектар 5-қосымшаға сәйкес;
6) Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылының жалпы алаңы 23017,27 гектар 6-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Семей қаласының әкімдігі қаулысының және Семей қаласының мәслихаты шешімінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен Семей қаласының әкімдігі қаулысының және Семей қаласының мәслихаты шешімінің оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің және Семей қаласы мәслихатының интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Семей қаласының әкімдігі қаулысының және Семей қаласының мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Александрович Гариковке және Семей қаласы мәслихатының хатшысы Бейсенбек Тоқтарбекұлы Ақжаловқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
21 сентября 2022