Қалада абаттандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі жалпы қалалық сенбіліктер өткізу туралы

Бекітілді  27 наурыз 2019 жыл № 495 
 
 
Қалада абаттандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі жалпы қалалық сенбіліктер өткізу туралы
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, қаланың әкімшілік аумағында санитариялық жай-күйді қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру  деңгейін арттыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылғы 6 сәуірде, 13 сәуірде, 20 сәуірде, 27 сәуірде, 4 мамырда қалада абаттандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі жалпықалалық сенбіліктер өткізілсін.
2. «ШҚО Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Х. Өтелбаев), ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері өз аумақтарында сенбіліктер өткізуді ұйымдастырсын және ұйымдастырылмаған қоқыс орындары мен сенбілік барысында жиналған қоқыстың шығарылуын қамтамасыз етсін.
3. Дербес атқарушы органдардың басшылары қызметкерлердің сенбіліктерге қатысуын  қамтамасыз етсін.
4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары  Н. Н. Ушаковқа  жүктелсін.
 
 
 
Қала әкімі                            Е. Сәлімов
Қалада абаттандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі жалпы қалалық сенбіліктер өткізу туралы
Дата публикации
11 декабря 2019