Қалада көркейту, көгалдандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі санитариялық-экологиялық екі айлықты өткізу туралы

Бекітілді  27 наурыз  2019 жыл  № 494
 
 
Қалада көркейту, көгалдандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі санитариялық-экологиялық екі айлықты өткізу туралы
 
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, қаланың әкімшілік аумағында абаттандыру деңгейін одан әрі арттыру және тиісті санитариялық жай-күйін қолдау мақсатында,қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 31 мамырға дейін қалада абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі санитариялық-экологиялық екі айлық жариялансын.
2. Ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері жұмысты ұйымдастырсын және мыналарға бақылауды жүзеге асырсын:
1) бейсенбі сайын аумақтарды тазарту жөніндегі тазалық күндерін үнемі өткізу;
2) белгіленген бағдарламаларға сәйкес көктемгі ағаштар, бұталар отырғызуды, көгалдар, гүлзарлар жайластыруды жүргізу және олардың тиісінше күтілуін қамтамасыз ету;
3) абаттандыру элементтерін, көшелер мен жолдар жабындарын, жаяу- жолдарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, шағын сәулет нысандарын, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін тиісті жағдайға келтіру;
4) су құбыры жүйелері мен имараттарды тексеру, залалсыздандыру, профилактикалық шаю жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
5) қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондарын, қоқыс орындарын, ұйымдастырылған қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарын тиісті санитариялық жағдайға келтіру.
3. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Семей қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ (Б. Ж. Тлебалдин, келісім бойынша), «ШҚО бойынша экология департаменті» РММ Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөліміне (С. Т. Қожаханов, келісім 
бойынша) ұйымдар мен жеке тұлғалардың іргелес аумақтарының санитариялық
жай-күйінің сақталуына, оларды көгалдандыру және абаттандыруға  (мектептер, сауда, қоғамдық тамақтану, өнеркәсіп кәсіпорындары, базарлар, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар) күшейтілген және пәрменді бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Ішкі саясат бөлімі (Н. Е. Есенжолов) бұқаралық ақпарат құралдарында екі айлық іс-шараларының орындалуын тұрақты жариялап отыруды ұйымдастырсын. 
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы 
(А. Х. Өтелбаев), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  (С. С. Жұманов), кәсіпкерлік (Д. Қ. Шакаримов) бөлімдері, «ҚР денсаулық сақтау министрлігінің  қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Семей қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ (Б. Ж. Тлебалдин, келісім бойынша) қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жолдарды, тұрғын үйлердің, қоғамдық имараттардың, сауда нүктелерінің, кеңселердің, өндірістік ғимараттар мен имараттардың аула және қасбеттік аумақтарын, қоғамдық орындарды урналармен толық жарақтандыру мақсатында, оларды орнатудың нормативтік қажеттілігін қамтамасыз етсін.
6. ШҚО ПД Семей қаласының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі (М. З. Нұрекенов):
1) ұйымдар мен жеке тұлғалардың іргелес аумақтарының санитариялық жай-күйінің сақталуына, оларды көгалдандыру және абаттандыруға (мектептер, сауда, қоғамдық тамақтану, өнеркәсіп кәсіпорындары, базарлар, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар) күшейтілген және пәрменді бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) жұмысқа учаскелік полиция инспекторларын тарта отырып, жекеменшік сектор аумақтарын, қоғамдық орындарды  күтіп - ұстау жөніндегі санитариялық ережелердің сақталуын және қоқыстың қоқыс орындарына шығарылуын бақылауды  қамтамасыз етсін;
3) көше саудасының жай-күйін бақылауды күшейтсін және оны белгіленбеген орындардан жою бойынша шұғыл шаралар қабылдасын.
7. «Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары (Г. А. Шәріпова, келісім бойынша), оқу орындарының (ЖОО, колледждердің) басшыларына ведомствоға қарасты объектілердің аумақтарын тиісті жағдайға келтіру, оларды абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
8. Бөлім басшылары: білім - Н. А. Фесенко, дене шынықтыру және    спорт - М. М. Құржықаев, мәдениет және тілдерді дамыту - Н. М. Аққожина, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу - Д. Ж. Шәйжүнісова ведомствоға қарасты объектілердің аумақтарын тиісті жағдайға келтіріп, оларды абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі іс-шараларды жүргізсін.
9. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Н. Ушаковқа жүктелсін.
 
 
 
 
Қала әкімі                                    Е. Сәлімов
 
Қалада көркейту, көгалдандыру және санитариялық тәртіп орнату жөніндегі санитариялық-экологиялық екі айлықты өткізу туралы
Дата публикации
11 декабря 2019