СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ 2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға 2022 - 2024 жылдарға арналған Семей қаласының азаматтық бюджетінің жобасы ұсынылып отыр, онда қала бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері туралы ақпарат және бюджет қаражаты шығыстарының жұмсалу бағыттары қамтылған.

Бұл құжат мынадай бөлімдерді қамтиды:

- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;

- қала бюджетінің түсімдері және шығыстары;

- қала бюджетінің атқарылуы туралы есеп.

2022-2024 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Болжамына сәйкес қалыптастырылған және қалалық мәслихатының 2021 жылғы                24 желтоқсандағы № 20/129-VІІ сессиясында бекітілген.

Дата публикации
19 августа 2022