Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Семей қаласының Озерки ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының Озерки ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 4 қыркүйекке тағайындалсын.
2. 2022 жылғы 4 қыркүйекке тағайындалған Семей қаласының Озерки ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрағасы З. Қ. Тоқаев
Сайлау комиссиясының хатшысы Г. О. Жәлелова