Семей қаласы Озерки ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Семей қаласы Озерки ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4 - тармағына, 22-бабына сәйкес, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы Озерки ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округінің тізімі оның шекаралары және Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.

Сайлау комиссиясының төрағасы                                                З. Қ. Тоқаев

Сайлау комиссиясының хатшысы                                                Г. О. Жәлелова

Дата публикации
05 августа 2022