«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелді ішкі талдау нәтижесі бойынша аналитикалық анықтама

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ бөлімдік құрылымы болып табылады.
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі 2022 жылдың 10 ақпанда Семей қаласының әділет басқармасында тіркелгелгендіктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелді ішкі талдау 2022 жылдың ақпан айы мен маусым аралығын қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелді ішкі талдау жүргізудің кезеңі жартыжылда бір рет.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге көп көңіл бөлінеді: сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатындағы күрес; мемлекеттік мекеме қызметін бақылау мен жариялықты қамтамасыз ету; мемлекеттік мекемекенің қызметіне қоғамдық сенім қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы лауазым иелерінің сақтауына жауапкершілігін арттыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді айқындау және барынша азайту мақсатында жұмыс тобы 2022 жылғы 9 маусымдағы № 38 бөлімінің бұйрығымен құрылған және бекітілген.
Жұмыс тобының құрамына кіреді бөлімінің басшысы Д. Шаяхметова, тұрғын үй инспекциясы сектороның меңгерушісі К.Гаджиева, бюджеттік бағдарламаларды талдау және құқықтық жұмыстар сектороның меңгерушісі А. Қазкеева, бас маманы М. Мақсүтқан, бас маманы Л. Абылқаирова, бас маманы М. Шарбақпаева осы тобының мүшелерi сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізеді.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; қауыпты техникалық құралдарды есепке қою және есептен шығару; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
І. Қызметтерді ішкі талдаудың нәтижелері.
Бөлімге мемлекеттік қызметкерлерді таңдау, яғни кадрларды алу қала әкімшілігінің жанындағы комиссия жүзеге асырады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес бөлім мынадай қызметтерді көрсетеді: мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; қауыпты техникалық құралдарды есепке қою және есептен шығару; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтар мен шағымдар анықталған жоқ.
ІІІ. Қорытынды, ұсыныстар
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; қауыпты техникалық құралдарды есепке қою және есептен шығару; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша жүргізілген талдау барысында осы қызметтерді реттейтін заңнамада қайшылықтар жоқ. Ескертулер: жоқ.

Бөлім басшысы                                   Д. Шаяхметова
Жұмыс тобының мүшелерi:                К. Гаджиева
                                                              А. Қазкеева
                                                              М. Мақсүтқан
                                                               Л.Абылқаирова
                                                               М. Шарбақпаева

Дата публикации
21 июля 2022