«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Қараөлең ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ «Қайнар ауылының мәдениет үйі» КМҚК сыбайлас жемқорлық қаупіне ішкі талдау жүргізуге мәлімет жинастыру үшін жұмыс нысанын толтыру қорытындысы бойынша аналитикалық анықтамасы

«Қараөлең ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ «Қайнар ауылының мәдениет үйі» КМҚК (әрі қарай-мәдениет үйі) 2022 жылы 27маусымға мәдениет үйі қызметкерлеріне азаматтардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Мәдениет үйінде рұқсаттық және бақылау міндеттері қарастырылмаған.
2022 жылғы 27 маусымдағы жағдайға штат бойынша қызметкерлердің саны 19, нақты саны – 19.
Есептік кезеңде мәдениет үйі қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша құқық бұзушылықтар болған емес, мәдениет үйінде қызметтік тексерулер жүргізілген жоқ.
Мәдениет үйінде конкурстық комиссия қарастырылмаған.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәдениет үйі қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған мерзім аралығында мәдениет үйінде еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мәдениет үйінде қызметті атқаруға байланысты шектеулерді бұзу, қызметкерлердің қызметін бағалау тәртібіне шағымдану фактілері тіркелген жоқ.
2022 жылғы 27маусымдағы талдау кезеңінде зейнет жасына толуына байланысты жұмыстан шыққан-1 , теріс негіздермен жұмыстан шыққандар жоқ және мәдениет үйінде жоғары тұрған лауазымға тағайындалғандар 1 .Өз еркімен жұмыстан шыққан- жоқ.
Қызметінен төмендетілген, ескерту, сөгіс, қатаң ескерту, қызметтік сәйкестігі толық емес, лауазымынан босатылғандар болған жоқ. Бұзушылықтардың болмауына байланысты мәдениет үйінде қызметтік тексерулер жүргізілген жоқ.
Мәдениет үйінде мүдде дауы жоқ. Мәдениет үйінде талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнама жүргізу қажеттілігі болған жоқ.
Мәдениет үйінде мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсаттық және бақылау міндеттерін іске асыру, және де қызметкерлерді басқару мен жанжалды реттеуге жүргізілген талдау мәліметтерінің нәтижесінде, құқықтық-нормативтік актілерде мәдениет үйі қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталған жоқ.

Жұмыс тобының басшысы Ұ.Ысқақов
Жұмыс тобының құрамы Р.Дюсембаев
Б.Камитова
Л.Куанова

Дата публикации
21 июля 2022