«Қараөлең ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық қаупіне ішкі талдау жүргізуге мәлімет жинастыру үшін жұмыс нысанын толтыру қорытындысы бойынша аналитикалық анықтамасы

«Қараөлең ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ (әрі қарай-әкім аппараты) 2022 жылы 27 маусымға әкім аппараты қызметкерлеріне азаматтардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Әкім аппаратында рұқсаттық және бақылау міндеттері қарастырылмаған.
2022 жылғы 22 маусымдағы жағдайға штат бойынша мемлекеттік қызметкерлердің саны 7, нақты саны – 6.
Есептік кезеңде әкім аппараты қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша құқық бұзушылықтар болған емес, әкім аппаратында қызметтік тексерулер жүргізілген жоқ.
Қала әкімінің аппаратында орталықтандырылған «Персоналды басқару қызметінің» болуына байланысты әкім аппаратында конкурстық комиссия қарастырылмаған.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру әкім аппараты қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында» ауыл әкімі аппаратынан біліктілігін арттырғандар –жоқ.
Аталған мерзім аралығында әкім аппаратында еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. әкім аппаратында мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулерді бұзу, қызметкерлердің қызметін бағалау тәртібіне шағымдану фактілері тіркелген жоқ.
2022 жылғы 27 маусымдағы талдау кезеңінде зейнет жасына толуына байланысты жұмыстан шыққан , теріс негіздермен жұмыстан шыққандар және әкім аппаратында жоғары тұрған лауазымға тағайындалғандар жоқ .Өз еркімен жұмыстан шыққан- жоқ.
Қызметінен төмендетілген, ескерту, сөгіс, қатаң ескерту, қызметтік сәйкестігі толық емес, лауазымынан босатылғандар болған жоқ. Бұзушылықтардың болмауына байланысты әкім аппаратында қызметтік тексерулер жүргізілген жоқ.
Әкім аппаратында мүдде дауы жоқ. Әкім аппаратында талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнама жүргізу қажеттілігі болған жоқ.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсаттық және бақылау міндеттерін іске асыру, және де қызметкерлерді басқару мен жанжалды реттеуге жүргізілген талдау мәліметтерінің нәтижесінде, құқықтық-нормативтік актілерде әкім аппаратының қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталған жоқ.

Жұмыс тобының басшысы Д.Әсембаев
Жұмыс тобының құрамы Ж.Ибраимова
Д.Қамбаров
Д.Имантаев

 

Дата публикации
21 июля 2022