I. Басты бөлім
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мониторинг тақырыбы: «ШҚО Семей қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ кызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жұмыс тобымен жүзеге асырылады: «ШҚО Семей Алғабас ауыцлдық округі әкімінің аппараты» ММ, Ленин көшесі,2, Эл-адрес: akim.algabasski@mail.ru, 8 (7222) 56-24-492.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген кезең: 2022 жыл.
2. Бақыланған кезең: 2022 жылдың қаңтары мен маусым айлары аралығындағы мемлекеттік мекеменің қызметі.
II. Ақпараттық-талдау бөлімі
«Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы 6 айдағы жағдаймен штат бойынша мемлекеттік қызметкерлердің саны -5, бос лауазымдық орын -1 . 2022 жылғы 6 айдағы талдау кезінде өз еркімен және теріс қылықтармен жұмыстан шыққандар, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ, әкім аппаратында қызметтік тексерулер жүргізілген жоқ.
«Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 2022 жылғы 6 айда ауыл тұрғындары тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Есептік кезеңде Әкім аппаратының қызметкерлері қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына» біліктілігін арттыру семинарына қатысқан мамандар жоқ.
«Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ туралы Ережесімен және өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Әкім аппаратында рұқсаттық және бақылау міндеттері қарастырылмаған.
«ШҚО Семей қаласының Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 6 айында - 29 мемлкеттік сатып алу өткізілді, жалпы сомасы - 31363969,67 соның ішінде:
- 1 мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс;
- 26 бұзушылықтарсыз бір көзден мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілді;
- 2 бұзушылықтарсыз бағамен ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу;
III. Қорытынды бөлім
«ШҚО Семей қаласының Алғабас ауылдық округі әкімінің аппраты» мемлекеттік мекемесі бойынша көрсетілген мерзімде жемқорлық фактілері және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаға тартылғандар – жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде деректерді талдау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету іске асыру, бақылау және рұқсат беру функцияларын, сондай-ақ персоналды басқару және мүдделер қақтығысын реттеуде ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінде, нормативтік-құқықтық актілерде құқық бұзушылық деректер анықталған жоқ.
Басшы Т.Құсайынов