2022 жылғы 17 шілдеде Абай облысы Семей қаласы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 17 шілдеде Абай облысы Семей қаласы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Абай облысы Семей қаласы Ақбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақбұлақ сайлау округі
Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Ақбұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 290 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 290 сайлаушы дауыс берді.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Теміржанов Нұртай Төлеуұлы сайланды, 1981 жылы туған, "Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45 бабына, 2022 жылғы 18 шілдедегі шешіміне сәйкес Ақбұлақ ауылдық округінің сайланған әкімі – Нұртай Төлеуұлы Теміржанов тіркелді.


Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 июля 2022