1. 2022 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетінің орындалуы туралы
2022 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетіне 26 472,3 млн. теңге түсті, оның ішінде меншік кіріс көздері бойынша 20 778,2 млн. теңге.
Жоғарғы деңгейдегі бюджеттен трансферттер түрінде 5 674,9 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджетте 2 354,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 3 320,2 млн. теңге бөлінді.
Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 23 891,1 млн. теңге игеріліп, немесе 100 пайызды құрады.
Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын қамтамасыз етуге және оны дамытуға, көліктік инфрақұрылымға және құрылысқа 9 132,3 млн. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 2 474 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындарына 521,5 млн. тенге бағытталды.
5 916,4 млн. теңгеге жоғары тұрған бюджетке кредитті қайтару бойынша міндеттемелер уақытында орындалды.
2. 2022 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік көмек пен қамтамасыз ету бойынша бюджеттік қаражаттың пайдалануы туралы ақпарат
2022 жылдың 1 шілдесіне әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 2474 млн. теңге игерілді (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аппаратын ұстау шығындарын есепке алмағанда).
Әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған 4 мекеменің (қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір орталығы, халықты жұмыспен қамту орталығы) жұмысын қамтамасыз етуге 623, 3 млн.теңге бағытталды.
Халықты жұмыспен қамтуға 211,1 млн. теңге шығындалды. Оның ішінде облыстық бюджет трансферттері есебінен 3,7 млн. тенге, республикалық бюджет трансфертері мен субвенция есебінен 113,6 млн. теңге және Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен 42,7 млн. тенге. Қоғамдық жұмыстарға 40,2 млн. теңге, кәсіптік дайындау және халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 10,9 млн.теңге.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне 535,6 млн. теңге, тұрғын үй көмегін көрсетуге 16,7 млн.теңге шығындалды.
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 4,1 млн. теңге жұмсалды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 481,3 млн.теңгені құрады.
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балалар 38,6 млн. теңгеге материалдық қамтамасыз етілді.
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге 278,2 млн. теңге бағытталды.
Мүгедектер өмірінің сапасын арттыруға және құқықтарын қамтамасыз етудегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыруға 278,1 млн.теңге шығындалды.
Тұрғын үй сертификаттары 7,0 млн. тенгеге ұсынылды.