Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы
1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының
50-1 тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
- «Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 722 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7149 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Семей қаласы әкімі |
|
Б. Байахметов |