Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және
кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға уәкілетті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен көрсетіледі.
Қағидалардың 3,5-тармақтарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдауда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдарымен 1 (бір) жұмыс күн ішінде келіседі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні.
Ережелермен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027595 сілтеме бойынша танысуға болады