Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары (МТӨЖ - SEP) «Жасыл қала» іс - қимыл жоспарын әзірлеу процесінің маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады(ЖҚІЖ-GCAP). ЖҚІЖ ол қалалық ортаны жақсартуға қызмет етуге арналған, сондықтан қала тұрғындарының, белсенділердің, ҮЕҰ, бизнестің, ғалымдардың және қала билігінің дауыстары мен қажеттіліктеріне мұқият қарау оны әзірлеу мен жүзеге асырудағы басымдық болып табылады. ЖҚІЖ дайындау және одан әрі іске асырудың жетістігі мүдделі тараптармен сындарлы ынтымақтастыққа негізделген.
Барлық мүдделі тараптарды тартудың тиімді ұйымдастырылған процесі билік органдары, бизнес және азаматтық сектор ұйымдары арасында әзірленген ЖҚІЖ практикалық іске асырылуын табысты басқарудың негізі ретінде сындарлы және ұзақ мерзімді қатынастар құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар ЖҚІЖ әзірлеу үшін тиісті ақпарат алуда маңызды рөл атқаратын болады.
МТӨЖ қала (Семей қаласының әкімшілігі) мен консультант (халықаралық және жергілікті консультанттар командасы («Arup» компаниясы және «Виттевеен+Бос Каспиан» ЖШС) арасында рөлдер мен міндеттерді бөлу қағидаттарына, тәсілдеріне, бөлуге қатысты түйінді ережелерден, өзара іс-қимыл тетіктерінің сипаттамасынан, коммуникация арналарынан және кезең-кезеңімен қатысатын мүдделі тараптар санаттарынан тұрады жобаны әзірлеу мен іске асыруда.
Ұсынылған жоспар ЖҚІЖ үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі басшылықты қоса алғанда, ЖҚІЖ әдіснамасына сәйкес ақпаратты ашу, консультациялар және кері байланыс алу тетіктерін қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың үздік практикаларын ескере отырып жасалды.
ЖҚІЖ мәселелері бойынша қаладағы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл практикасының тиімділігін арттыру және кеңейту мақсатында консультант болашақта қала әкімшілігі ұқсас және аралас қызмет түрлерінде қолдануы мүмкін диалогты ұйымдастырудың интерактивті әдістерін ұсынады және практикада көрсетеді.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың қағидаттары мен тәсілдері Семей қаласы үшін ЖҚІЖ шеңберінде әзірленетін кіші жобаларға интеграциялануы мүмкін.
МТӨЖ «тірі» құжат болып табылады және жоба бойы жаңартылуы, толықтырылуы мүмкін.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі осы жоспарды қала әкімшілігі барлық мүдделі тараптар үшін қолжетімді ресурста орналастыратын болады. Консультант қалалық әкімшілікпен бірлесіп, қажеттілігіне қарай құжатты өзектендіруді және мүдделі тараптарға жаңартулар немесе өзгерістер туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.