2022 жылғы 24 сәуірде Семей қаласының Новобаженово ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Семей қаласының Новобаженово ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:


Новобаженово сайлау округі бойынша
Новобаженово ауылдық округі әкімінің сайлауы

Новобаженово сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1415 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 964 дауыс берді.
Новобаженово ауылдық округінің әкімі болып Кәрібжанов Дархан Мұратұлы сайланды, 1984 жылы туған, «Семей қаласы Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, ШҚО, Семей қаласы тұрғыны, "АMANAT " саяси партиясынан ұсынылған.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен Семей қаласы Новобаженово ауылдық округі әкімі болып сайланған – Кәрібжанов Дархан Мұратұлы тіркелді.

Дата публикации
25 апреля 2022