«Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 17/112-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,091 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                                                                                                                  Аты-жөні

Дата публикации
25 апреля 2022