2022 жылдың бірінші тоқсанында Холодный ключ, Жоламан, Кирпичный кенттерінің, Океан-Жаңақұрылыс, Заря,  1000 мелочей аудандарының, Водный, Восход, Восточный кенттерінің тұрғындарымен Семей қаласының әкімі Б. К. Байахметовтің кездесуі барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

2022 жылдың бірінші тоқсанында Холодный ключ, Жоламан, Кирпичный кенттерінің, Океан-Жаңақұрылыс, Заря,  1000 мелочей аудандарының, Водный, Восход, Восточный кенттерінің тұрғындарымен Семей қаласының әкімі Б. К. Байахметовтің кездесуі барысында айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с№

Айтылған ескертпелер/ұсыныстар

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

1

Қайырлы күн! Семей қаласының тумасы ретінде мені бір кездері бүкіл Одаққа белгілі болған ет комбинатымыздың тағдыры қызықтырады. Біздің қаламыздың облыс орталығы мәртебесін алуымен, ет  комбинатымыздың қайта жандануына үміт бар ма, айтыңызшы.

 

2022 жылғы

22 маусым

(аралық жауап)

Н. Н. Шақабаев

Ж. К. Мұқатаев

2

Холодный ключ кентінің тұрғын үйлерінде электр энергиясы  кернеуін өлшеп, оның төмендеу себептерін жою қажет.

 

2022 жылғы

19 сәуір

А. Х. Өтелбаев

Б. Р. Смағұлов

3

Б. Байғожина көшесінде (бұрынғы Краснознаменная көшесі) ЖЭО-1-ден су жіберудің себептері мен заңдылығын анықтау үшін сапар ұйымдастырып, тексеру қажет.  

 

2022 жылғы

15 сәуір

А. Х. Өтелбаев

М. К. Бұтабаев

(келісім бойынша)

4

№ 30 жалпы орта білім беретін мектепке Әлия Молдағұлованың есімін беру мүмкіндігін қарастыру қажет.

2022 жылғы

27 сәуір

(аралық жауап)

 

Н. М. Аққожина

Н. А. Фесенко

5

Жоламан және Кирпичный кенттерінде электр энергиясының төмен кернеуі және су қысымы мәселелерін шешу қажет.

 

2022 жылғы

19 сәуір

А. Х. Өтелбаев

Б. Р. Смағұлов

Е. З. Сағандықов

 

6

Жоламан және Кирпичный кенттердің ішіндегі жолдарды тегістеу және жоспарлау қажет.

  

2022 жылғы

15 маусым

Е. К. Уәлиев

7

№ 37 автобус маршрутын қайта қалпына келтіру мәселесін қарастыру қажет.

2022 жылғы

29 мамыр

(аралық жауап)

 

Е. К. Уәлиев

8

Холодный ключ кентінің негізгі жолында («Лесопосадочная полоса» аялдамасы мен «Жансая» дүкені арасында) қосымша автобус аялдамасын орнату қажет.

 

2022 жылғы

29 тамыз

Е. К. Уәлиев

9

Безымянная көшесі, 4, Кустанайская көшесі, 77, Бозтаев көшесі, 75 – 61 «А» көпқабатты тұрғын үйлердің  тұрғындары атынан балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орната отырып, аула аумақтарын абаттандыруды сұраймыз.

 

2022 жылғы

20 мамыр

(аралық жауап)

А. Х. Өтелбаев

Д. Т. Шаяхметова

10

Кустанайская көшесі, 79-үйдің тұрғындары атынан аулалардағы түнгі тыныштық режимінің бұзылуына қатысты Сізге және полиция қызметкерлеріне сұрағым бар. Жасөспірімдер түн ортасында шу шығарады, ішімдік ішіп, тыныштығымызды бұзады, біз таңертең ауламыздан шприц табамыз, ал кішкентай балалар ойнап, осы шприцті қолына алады.

Осы мәселені бақылауға алуыңызды сұраймыз.

 

2022 жылғы

20 сәуір

Б. Н. Садақбаев

(келісім бойынша)

М. Г. Хмелёва

 

11

128 «А» көпқабатты тұрғын үйде лифт жұмыс істемейді. Осы мәселені шешуіңізді сұраймыз.  Екінші мәселе – балалар ойын алаңы мен спорт алаңын орнатуға қатысты.

2022 жылғы

20 мамыр

(аралық жауап)

 

Д. Т. Шаяхметова

А. Х. Өтелбаев

 

12

Аягөз көшесінде сумен жабдықтау мәселесін қарастыру.

 

2022 жылғы

12 мамыр

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

Е. З. Сағандықов

 

13

Жаңақұрылыс ауданында Чайкина көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

2022 жылғы

15 маусым

(аралық жауап)

 

Е. К. Уәлиев

14

№ 6, 13 автобус маршруттарының қозғалысын қадағалау қажет. Қажет болған жағдайда автобустар санын көбейтіп, автобустар арасындағы интервалды қысқартып, кешкі уақытта автобустардың қозғалысын сағат 21.00-ге дейін ұзарту қажет.

 

2022 жылғы

29 мамыр

(аралық жауап)

 

Е. К. Уәлиев

15

Жоламан және Кирпичный кенттерінен бей-берекет қоқыс үйінділерін шығаруды ұйымдастыру.

 

2022 жылғы

27 сәуір

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

16

Степной кентінің тұрғындары шалқар көшесіндегі жылу трассасын жөндеуді сұрайды.

 

2022 жылғы

17 мамыр

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

А. Т. Сарпеков

17

Народная көшесі, 86-тұрғын үйдің 4-кіреберісін жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

2022 жылғы

28 сәуір

(аралық жауап)

 

Д. Т. Шаяхметова

18

Молдағалиев көшесі, 3 ауданында су бөлетін көше бағаншасын орнату мүмкіндігін қарастыру, өйткені таяу бағанша Тарбағатай көшесінде орналасқан.

 

2022 жылғы

12 мамыр

(аралық жауап)

А. Х. Өтелбаев

Е. З. Сағандықов

 

19

Титов көшесі, 120, 124, 126, 128-тұрғын үйлердің аулаларында балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орнату мүмкіндігін қарастыру.

2022 жылғы

12 мамыр

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

Д. Т. Шаяхметова

20

Баздырев көшесі, 33, 40 және 49-үйлер («Гарнизонный»  ПИК) ауласында заңсыз орнатылған гараждар көп. Тұрғындар оларды алып тастауға көмек сұрап отыр.

2022 жылғы

27 сәуір

 (аралық жауап)

Қ. М. Сейілханов

А. М. Исатаев

Б. Н. Садақбаев

(келісім бойынша)

 

21

№ 28 мектептің ауданында ашық люктерді жабу қажет.

 

2022 жылғы

21 сәуір

 

А. Х. Өтелбаев

22

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында біздің ауданда «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағы салынды. Қазіргі таңда оны абаттандыру мен күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей, абаттандыру жұмыстары дұрыс жүргізілмей, демалыс аймағының жылдан-жылға тозып бара жатқанын көріп жүрміз. Жаяу жүргіншілер аймағын күтіп ұстау мен абаттандыруды ерекше бақылауға алу қажет.

 

2022 жылғы

27 сәуір

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

 

23

Жаңақұрылыс ауданында металл гараждарды орнату заңдылығын тексеру қажет. Заңсыз орнатылған гараждарды алып тастау керек.

 

2022 жылғы

27 сәуір

(аралық жауап)

Қ. М. Сейілханов

А. М. Исатаев

Б. Н. Садақбаев

(келісім бойынша)

 

24

Баздырев көшесі, 33-үйдің тұрғындары ПК-дан МИБ-қа ауысқысы келмейтін «Гарнизонный» ПИК төрайымының үстінен шағымданады. Үй шатырына терможаңғырту  арқылы жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізіліп, үйдің төбесінен су ағады.

 

2022 жылғы

20 сәуір

Д. Т. Шаяхметова

25

Сізден қаңғыбас иттерді қайтарымсыз аулауды ұйымдастыруға көмек сұраймын. Жаңақұрылыс, Океан аудандарында бүкіл аумаққа  қоқыс шашатын қаңғыбас иттер өте көп,  сонымен қатар соңғы кездері үйсіз жануарлардың агрессиясы адамдардың денсаулығына нақты зиян (тістеп алу және дене жарақаттары) келтіріп, эмоционалдық күйзеліске ұшыратады. 

Сізден иттерді қайтарымсыз аулауды ұйымдастыруды және жануарларды олар үшін қауіпсіз жерге орналастыруды сұраймыз.

 

2022 жылғы

22 сәуір

Н. Н. Шақабаев

Е. Н. Әлімбеков

26

Водный, Восход кенттерінде балабақша салу қажет.

 

2022 жылғы

27 мамыр

(аралық жауап)

 

Н. А. Фесенко

С. М. Аманбеков

27

Водный кентінде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін тарту.

 

2022 жылғы

27 сәуір

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

28

Мүгедек балалардың бассейнге баруына, оңалту орталықтарына квота беруге бас тартады. 

2022 жылғы

20 сәуір

(аралық жауап)

 

М. М. Құржықаев

29

Водный кентінде электр энергиясы мәселесі, кешкі уақытта кернеу төмен.

 

2022 жылғы

20 сәуір

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

Б. Р. Смағұлов

30

Инватакси санын көбейту қажет, қалаға арналған қолда бар таксилер жеткіліксіз.

2022 жылғы

20 сәуір

(аралық жауап)

 

М. М. Құржықаев

31

Восход кентінде қазпошта бөлімшесін ашу мәселесін қарастыру.

 

2022 жылғы

27 сәуір

(аралық жауап)

 

Ж. К. Мұқатаев

А. Д. Дайрбеков

 

32

Тұрмыстық, дене және өзге де зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың тәулік бойы болуы үшін дағдарыс орталығын ашу мәселесін қарастыру қажет. Мұндай орталықтар Қазақстанның көптеген қалаларында, соның ішінде Өскеменде де бар.

 

2022 жылғы

20 сәуір

(аралық жауап)

М. М. Құржықаев

33

Заливная көшесіндегі талдарды кесу және жолды тегістеу жұмыстарын ұйымдастыруды сұрайды.

2022 жылғы

27 сәуір

(аралық жауап)

 

А. Х. Өтелбаев

Е. К. Уәлиев

34

№ 23 автобус маршрутын қайта қалпына келтіру мәселесін қарастыру қажет.

 

2022 жылғы

29 мамыр

(аралық жауап)

 

Е. К. Уәлиев

35

Мүгедек балалары бар ата-аналар үшін дөңгелек үстел ұйымдастыру.

2022 жылғы

1 мамырға дейін

 

М. М. Құржықаев

36

Жұмыспен қамту орталығы арқылы алатын жалақы аз. 2017 жылы өндірістік жарақат алынған, бірақ директоры М.Т. Қасқабаевтың атынан кәсіпорын  - Семей қаласының МКК алған  жарақат үшін өтемақы төлемеген.

 

2022 жылғы

1 мамырға дейін

Е. С. Ниятқабылов

(келісім бойынша)

 

Дата публикации
19 апреля 2022