«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия отырысының 2020 жылғы 23 тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және ол алынып тасталғанға дейін әрекет етеді.
Лауазымы Аты-жөні
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі