Семей қаласы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20542 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін қала әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. А. Гариковқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Б. Байахметов