Семей қаласы Новобаженово ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ

Семей қаласы Новобаженово ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4 - тармағына, 22-бабына сәйкес, Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы Новобаженов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын
1) Новобаженов ауылдық округінің әкімі – Новобаженово ауылы, Бұлақ ауылы шекарасындағы Новобаженов ауылдық округінің сайлау округі.
2. Сайлау округінің тізімі оның шекаралары және Семей қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.


Сайлау
комиссиясының төрағасы                                         З. Қ. Тоқаев

Сайлау
комиссиясының хатшысы                                          Г. О. Жәлелова

 

Семей қаласы
25 наурыз 2022 жыл
№ 9

Дата публикации
25 марта 2022