2022 жылғы 20 ақпанда Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

2022 жылғы 20 ақпанда Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Семей қаласының аумақтық қалалық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

Айнабұлақ сайлау округі бойынша Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы

Айнабұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 132 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 126 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтқожин Берік Рымбекұлы – 6;
Айтишева Әлия Мұхаметқалиқызы – 4;
Құрманов Ғазиз Серікұлы -116.
Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі болып Құрманов Ғазиз Серікұлы сайланды, 1984 жылы туған, лауазымы, «Семей қаласы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» бас маман, Айнабұлақ ауылы тұрады, "Ауыл" ХДСП-дан ұсынылған.
Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен 2022 жылғы 20 ақпанда Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланған – Құрманов Ғазиз Серікұлы тіркелді.

Дата публикации
21 февраля 2022