ЖОБА
Семей қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) - тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Семей қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Тізіліміне № 5226 болып тіркелген) шешімі;
2) Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 20/125-VI (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Тізіліміне № 5349 болып тіркелген) шешімі;
3) Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/380-VI (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің Тізіліміне № 7064 болып енгізілген) шешімі.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы Б. Акжалов