жоба
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Семей қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
2. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 5/45-VI шешімінің (2016 жылғы 14 қазанда № 4692 мемлекеттік нормативті құқықтық актілерінің тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 4 қазанда № 79 (1052) «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде, 2016 жылғы 3 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің 1-тармағының жер салығының базалық мөлшерлемелері бөлігін қоспағанда, шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі,
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Б. Ақжалов