СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ТҰРАТЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ, БІЛІМ БЕРУ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБIНЕН КӨРСЕТІЛЕТІН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

 
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,733 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу  бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады; 
2) әлеуметтік қолдау Семей қаласы аумағындағы  ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;
3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет беріледі.
3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:
1) Семей қаласы шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;
2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі; 
3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі. 
4) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы негізінде Семей қаласының мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI «Семей қаласының ауылдық  елді мекендерінде тұратын   және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың  мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің күші жойылсын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы С. Родионов    
Қалалық  мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ТҰРАТЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ, БІЛІМ БЕРУ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБIНЕН КӨРСЕТІЛЕТІН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
Дата публикации
20 марта 2020