СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 18 ҚАҢТАРДАҒЫ №34/227-VI «ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУДІҢ ЖӘНЕ ОНЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

жоба
 
 
Семей қаласы мәслихаты
ШЕШІМ
 
 
 
Семей қаласы
«___»________2020 жыл №_____
 
 
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы №34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы
 
 
 
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының  6 -бабының  1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 
1. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы  31 қаңтарда тіркелген № 5-2-207) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5-тармағына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының  6 - бабының  1 - тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 шешіміне  сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау ережелерінің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың осы Ережелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97-бабының  4,5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін ұсыну ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді. «Тұрғын үй көмегі туралы (бұдан әрі-Ереже), 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512әлеуметтік жағынан  қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін ұсынғаны үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуін өтеудің кейбір мәселелері туралы»;
8-ші тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы                              С. Родионов
 
 
Қалалық мәслихат хатшысы                              Б. Ақжалов
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 18 ҚАҢТАРДАҒЫ №34/227-VI «ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУДІҢ ЖӘНЕ ОНЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
20 февраля 2020