«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдаудың төмендегідей:
- жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлемі (2022 жылы – 306 300 теңге);
- тұрғын үй алуға немесе салуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспайтын (2022 жылға 4 594 500 теңгеден аспайтын) несие беру түрінде шаралар белгіленген.
Бюджеттік кредит 15 (он бес) жылға дейінгі мерзiмге, сыйақы мөлшерлемесі 0,01%-бен беріледі.
Қазақстан Ресубликасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ережесіне сәйкес әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткерлер құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.
Жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шараларын алған мамандармен келесідей міндеттемелер қабылданады:
- ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда кемінде үш жыл уақыт қызмет істеуге;
- жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама тапсыруға;
- Келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алған бюджеттік қаражаттарды толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге.
Барлық сұрақтар бойынша 52-12-48 телефонына «Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ хабарласуға болады.